Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Үкіметте жасанды интеллектіні экономикаға енгізу мәселесі қаралды

28.04.2026, 10:10 78

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында экономика саласына жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселелері талқыланды.

Жиында Премьер-министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясының жобасы әзірленгенін айтты. Оның сөзінше, бұл құжат жаппай цифрландыруды күшейтуге және жасанды интеллектіні түрлі салаға кеңінен енгізуге бағытталған.

Олжас Бектенов аталған стратегия елдің цифрлық даму саясатына жаңа серпін беретінін жеткізді. Премьер-министрдің айтуынша, бұл құжат алдағы кезеңде саланың ұзақмерзімді даму бағдарына мүлде жаңа көзқарас қалыптастырып, межеленген мақсат-міндеттерді жүйелі жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша “Digital Qazaqstan” жалпыұлттық стратегиясының жобасы әзірленді. Ол жаппай цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын барынша енгізуді мақсат етеді. Аталған құжат алдағы уақытта саланың ұзақмерзімді даму бағдарына мүлдем жаңа көзқарасты қалыптастырып, қойылған мақсат-міндеттерді жүзеге асыру шараларын үйлестіруге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында біз экономиканы цифрлық трансформациялауға айтарлықтай серпін беруіміз қажет», – деді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту тек IT саласының ғана емес, тұтас экономиканың тиімділігін арттыратын маңызды құралға айналуға тиіс екенін атап өтті. Бұл бағыт алдағы уақытта мемлекеттік басқару, өндіріс, қызмет көрсету және өзге де салалардағы жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: