Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан ұн мен бидай экспортына тыйым салды

12.04.2022, 14:40 348

HALYQLINE.KZ

Қазақстан 15 сәуірден бастап бидай және ұн экспортына тыйым салды. Бұл жөнінде ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Айдарбек Сапаров мәлімдеді. 

Оның сөзінше, мұндай шешім елдегі тапшылықтың алдын алуы мақсатында қабылданған.

«1 сәуір мен 15 маусым аралығында бидай және ұн экспортына арнайы квота енгізіледі. Осы аралықта Қазақстаннан тек 1 миллион тонна бидай мен 300 мың тонна ұн шығаруға рұқсат беріледі», – деді Айдарбек Сапаров.

Gazeta uz мәліметінше, Өзбекстан бидай мен ұнның 90 пайызын Қазақстаннан алады. Енді ресми Нұр-Сұлтанның бұл шешімі Өзбекстан экономикасына айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Ташкент биыл кемінде 500 мың тонна бидай сатып алуды жоспарлаған.

Ресми статистикаға сәйкес, 2021 жылы Өзбекстан Қазақстаннан 648,3 млн долларға астық (барлық импорттың 97,9%) және 92,9 млн долларға ұн (барлық импорттың 97,2%) сатып алған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: