Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Фармацевтикалық өндіріс көлемі артқан

12.05.2020, 10:17 444

HALYQLINE.KZ –| ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында 2020 жылғы қаңтар-сәуірдегі еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды. 

Үкімет басшысы елімізде төтенше жағдайдың аяқталуы және карантиндік шаралардың жеңілдетілуіне байланысты қызмет көрсету секторы қалпына келтіріле бастауы тиіс екенін атап өтті. Бұған салықтық ынталандыру, жеңілдікті несиелендіру, отандық тауарларды өткізуге кепілдік беру тетігі арқылы ішкі өндірісті қолдау жолымен барлық мемлекеттік қолдау шаралары ықпал етеді.

– Жалпы, алдағы кезеңдегі басым міндет экономиканың өзін-өзі қамтамасыз етілуін арттыруға, бәсекеге қабілетті шикізаттық емес секторға, тиімді инвестициялар мен қосылған құнның өңірлік және жаһандық тізбегіне кірігуіне негізделген жаңа құрылымын қалыптастыру болады, – деді Үкіметбасы.

ҚР Қаржы министрі Ә.Смайыловтың айтуынша, жыл басынан бергі 4 айдың қортындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 2,7 трлн теңге, республикалық бюджетке 1,7 трлн теңге кіріс түскен.  Тиісінше, салықтар бойынша жоспар 61 млрд теңгеге орындалмапты. Оған сыртқы нарықтағы факторлар да әсер етуде.

Негізгі экспорттық позициялар бойынша 2019 жылдың 4 айымен салыстырғанда бағалар орта есеппен 19%-ға және жыл басынан 15%-ға төмендеді. Қызмет көрсету саласынан да түсім айтарлықтай азайған. Ал фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемі 24,2%-ға өскен. Бұған әрине, халықтың медициналық бұйымдарды көп тұтынғаны сеп болса керек.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: