Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Егіс алқаптарын аралады

07.06.2026, 22:35 37

 HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов, Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков және облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев Шиелі ауданындағы егіс алқаптарын аралады, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Жұмыс сапары барысында Бахыт Дүйсенұлы су үнемдеу технологияларын енгізіп отырған «Таң LTD» және «Центр Семеноводства» ЖШС-ның жұмысымен танысты.

Алдымен «Таң LTD» ЖШС-ның егіс алқабын аралады. Серіктестік биыл 1000 гектар жерге дәндік жүгері дақылын тамшылатып суару әдісімен орналастырған. Бұл технология суды өсімдік тамырына тікелей жеткізіп, су ысырабы мен булануды азайтуға, сондай-ақ өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді.

Одан әрі «Центр Семеноводства» ЖШС-ның жұмысымен танысты. Серіктестік жаңбырлатып суару технологиясы арқылы 1000 гектар алқапқа жүгері дақылын егіп отыр.

Бүгінде Шиелі ауданында су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар, жеке шаруашылықтар есебінен тамшылатып суару әдісі арқылы 3100 гектар жерге көкөніс және бақша дақылдары орналастырылған.

Айта кетейік, 2026 жылы аудан бойынша жалпы 31 213 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарланған.

Жұмыс сапары қорытындысында жауапты сала мамандарына су үнемдеу технологияларын одан әрі кеңейту, егіс жұмыстарын белгіленген мерзімде әрі сапалы орындауды қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: