Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Теріскей шұғыласы»: Қазақстан, Ресей, Беларусь тұрғындары аспандағы ерекше құбылысты байқады

06.11.2023, 8:25 133

HALYQLINE.KZ

Аспанның қызыл түске боялған сәтін еліміздің әр өңіріндегі Қазнет қолданушылары бөлісіп жатыр. 6 қарашаға қараған түні елдің орталық бөлігінде, солтүстік пен батыста ерекше құбылыс байқалды.

Желі пайдаланушылардың көбі аспандағы қан қызыл құбылысты «Теріскей шұғыласы» деп атады. Кейбір жерлерде фотода жасыл жыпылықтаулар көрінеді. Әлеуметтік желі қолданушылары көргеніне сүйсініп, осы туралы әңгімелеп жатыр.

Бірегей аспан құбылысын сол түні Ресей Федерациясының барлық дерлік облысының, сонымен қатар Беларусьтің тұрғындары да байқағаны белгілі болды.

Ресей ғалымдары бірқатар аймақта байқалған поляр жарқылын бір күн бұрын болған қуатты күн жарқылымен байланыстырады. Бұл туралы РИА Новости жазды.

Қазақстандықтар биыл көктемде де осындай құбылысты байқаған еді. Сол кезде бұлттар әдеттен тыс жарқылмен жарықтанып, кенет жоғалып кеткен-ді.

Дереккөз: Zakon.kz

Сурет  ашық  дерекөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: