Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тәжікстаннан аяқсу келеді

01.06.2021, 17:50 474

HALYQLINE.KZ

Биылғы жылы Сырдария өзенінің бассейніндегі су тапшылығына байланысты күрделі жағдай қалыптасты. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Душанбе қаласында Тәжікстанның энергетика және су ресурстары министрі Д.Джумамен кездесу өткізіп, оның барысында тәжік тарапымен «Бахри Точик» су қоймасынан биылғы жылғы маусым-тамыз аралығында 315 млн текше метр суды қосымша ағызу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл туралы аталмыш министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл көлем Түркістан және Қызылорда облыстарында вегетациялық кезеңде суармалы су тапшылығын төмендетуге мүмкіндік береді.

– Түркістан және Қызылорда облыстарының қажеттіліктері үшін Сырдария өзені бассейніндегі су жағдайының қиындығын ескере отырып, тәжік тарапы Қырғызстан Республикасы Тоқтоғұл су қоймасынан ағызатын су көлемінен басқа, маусымнан тамызға дейін «Бахри Точик» су қоймасынан қосымша 315 млн текше метр су жеткізуге келісті. Қазақстан өз кезегінде Тәжікстанға «Бахри Точик» су қоймасының қосымша жұмыс істеуінің теріс салдары туындаған жағдайда материалдық-техникалық қолдау көрсетеді, – деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: