Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Байқоңыр ғарыш айлағының экологиялық мәселесін қалай шешеміз?

13.10.2021, 16:40 989

HALYQLINE.KZ Қандай халық болмасын, өз елінің бас қалаларына ерекше көңіл бөледі. Заманауи инфрақұрылым, жаңа ғимараттар мен тұрғын үйлер, балабақшалар мен мектептер, қызмет көрсету және демалыс орындары – бәрі-бәрі шаһардың көркін ашатын, мәртебесін арттыратын нысандар болуы шарт. Халық көп шоғырланған мегополистерде көше, аула, ауа тазалығын сақтау және бір тәулікте тау болып жиналатын қоқыс мәселесі еріксіз алаңдатады. Соның ішінде төрткүл дүние көз тіккен, жұлдызды қала Байқоңыр шаһары да бар.

Қазіргі таңда қоқысты іріктеуді игере алмай жатқан мемлекеттер – дамушы елдер деп есептеледі. Мұның түрлі себебі бар, біріншіден тұрмыс қалдықтарын өндейтін технологияның жолға қойылмауы, қажетті ресурстардың тапшылығы, күнделікті шығатын қалдықтардың үлкен көлемі, сонымен қатар, адамдардың қоқыстан болатын залалдың, экологияға әкелетін қауіпті толық сезінбеуінде. Күнбе-күн қалдықтарды қоқыс жәшігіне салмас бұрын көпшілігіміз бұның бәрі қайда кетеді деп ойланбаймыз да. Пакеттерге тамақ қалдықтары, жуынды, қағаз, пластик аралас салынып, толассыз тасталып жатыр. Бұл – күндліктің өмірдің көрінісі. Ал, Байқоңыр кешенінен қаншама қоқыс қалдығы шығатынын көз алдыңызға елестетіп көріңізші.

Ең бірінші пайлануға жарамсыз қалған ғимараттар мен тұрғын үйлердің бетон тастарын шебін ретінде пайдалануға жібереілсе нұр үстіне нұр болар еді. Сонда ғана қоқыстың өзінен пайда тауып, оның қаржысы ел игілігіне жұмсалады. Табиғатқа да әдәуір пайдалы болады.

Әрине, ғарыш айлағының пайда әкелетін жағымды жақтарын да айта кетуге болады. Мысалы, ғарыш айлағын пайдалану арқылы Қазақстан ірі ғарыштық державаға айналып, аса ірі 30 мемлекеттің қатарына қосылуға мүмкіндік алды. Тағы айта кетерлік жай, ғарыш кешенінен ұшырылып жатқан зымырандар нәтижесінде Қазақстан, сонымен қатар Ресей аумағында сенімді байланыс жүйесі қалыптасты. Және де жер бетінде болып жатқан құбылыстар жайында, ауа – райы, әскери мақсаттағы істер жайында нақты мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Алайда Байқоңыр ғарыш айлағының пайдасынан арттыру үшін ондағы экологиялық мәселені де назардан тысқары қалдырмаған абзал.

Алимбек Омаров

Сондай-ақ, біз Қазақстан Республикасының болашақ негізін қалаушы азаматтар ретінде тек Байқоңыр ғарыш айлағының мәселесін қарастырып қана қоймай, бүкіл Қазақстан және әлемдегі экологиялық проблемалардың алдын алуға үлес қосуымыз қажет. Себебі, аздаған салғырттық әсерінен бүкіл әлемге қауіп төнуі мүмкін. Мысалды алыстан іздемей өзіміз қарастырып отырған Байқоңыр ғарыш айлағын алуымызға болады. Сондықтан, жалға берілген Қазақстан территориясындағы ғарыш айлағын бақылау, болжау, зерттеу жұмыстарын жауапты қадағалау керек. Оған қоса, ауаны тазартатын зымырандарды да қоса ұшырып отырған дұрыс секілді. Біздің өзіміз бала күнімізде ауа тазартқыш зымырандарды көретінбіз. Бүгінде соның бірде бірі байқалмайды. Осы дүниені қайта қолға алса, Байқоңыр халқы үшін игілікіті дүние болары сөзсіз.

Үшіншіден, жасыл-желекті көптеп отырғызу қажет. Барлығы қадағалауда болғанда ғана қазақ жері аман болып, келер ұрпақ алаңыз өмір сүретін болады. Байқоңыр жерін құнарландыратын орман ағаштарын отырғызу идеясы жүзеге асса күн райы үшін өте пайдалы шара болмақ.

Тағы бір ескере кететін жайт әлеуметтік мәселе. Тұрғындардың, оның ішінде қазақ ағайындарының материялдық жағдайына назар аудару. Өзге ұлт өкілдерімен тең дәрежеде назар қою. Халықтың жағдайы жақсы болса туған жерге жанашырлықтың артары белгілі дүние.

Адамзат барда еш уақытта таусылмайтын қор – қоқыс. Ендеше полигондарда, Байқоңыр аймағында үйіліп жатқан қоқыс үйінділерін сұрыптап, жаңа өнім шығаруға мүмкіндік мол. Қоқыс саласы бизнес көзіне айналуы үшін қомақты қаражатты, жақсы дайындықты талап етіп тұр. Сондықтан бұл салаға кәсіпкерлік тәжірибесі мен капиталы бар бизнесмендер араласа алады. Ең кемінде көлемі 1000 шаршы метрден асатын қойма, қайта өңдеу цехтары, жоғары температураларда өртейтін пештер, қоқыс сұрыптауыш машина, темір арқанды аспалы магнит, жүк көлігі керек екен. Осындай дүниелерді іске асыра алсақ туған жерді түлетіп, дамуына үлес қосар едік. Жоспар көп, идея бар. Тек бәрі уақыт еншісінде.

Алимбек Каратайулы ОМАРОВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: