Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

95 жылдыққа – 95 түп ағаш

10.11.2023, 15:40 115

HALYQLINE.KZ

Қазалы ауданның 95 жылдық мерейтойына арналған мәдени-көпшілік іс-шаралар «Жалаңтөс баһадүр» атындағы орталық саябақта ағаш отырғызу шарасымен жалғасты.

Қызылорда облысының 85 жылдығы мен Қазалы ауданының 95 жылдық мерейтойы аясында өткізілген көгалдандыру іс-шарасында аудан орталығында 95 түп ағаш көшеті отырғызылды.

Бүгінгі орталық саябақта өткен игі іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбетов, аудан әкімі Мұхтар Оразбаев және еліміздің Астана, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарынан келген жерлестеріміз бен аудан ардагерлері, қоғам қайраткерлері мен мәслихат депутаттары да атсалысты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: