Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Екінші Түркістанда» базар өртенді

25.06.2020, 12:10 685

«Бүгін таңғы сағат 8 жарымдар шамасында Қазалы ауданының Әйтеке би кентіндегі «Орын-Ай» жеке базарының аумағында өрт шықты», – деп хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Өртке №9 өрт сөндіру бөлімінен 3 өрт сөндіру автокөлігі мен 24 жеке құрамы жұмылдырылуда. Басқа да мекемелердің жұмысшылары, техникалары тартылды. Өрт гидранттарында қысым көбейтіліп, құтқару жұмыстары жүргізілуде», – делінген хабарламада.

Аудан әкімдігі тарапынан комиссия құрылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Айта кетейік, облыстағы аудандар арасында Қазалыда сауда-саттық қарқынды дамыған. Өңір жұртшылығы сондықтан «екінші Түркістан» деп те атайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: