Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Динара Зәкиева аяусыз сабалған балаларға қатысты үн қатты

16.06.2023, 11:10 269

 HALYQLINE.KZ

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне жақында кіріскен Динара Зәкиева қоғамды алаңдатқан маңызды мәселеге дер кезінде назар аударуымен көптің көңілінен шыға бастады.

Кеше Шымкенттегі медреселердің бірінде 9 бен 7 жастағы жасөспірімдерді аяусыз сабаған видео тараған. Жеке үйді медресеге айналдырған ұстазы оларға жаттау жаттамағаны үшін ғана денесін бірнеше жерден жарақаттаған.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне жақында кіріскен Динара Зәкиева бұған көп кешікпей назар аударып, бақылауға алғанын жеткізіп, оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлады.

– Бұл жағдай менің бақылауымда. Ата-ананың ешқандай шағымымыз жоқ дегеніне қарамастан, тергеу жұмыстары жүріп жатыр. ҚР ҚК 140 бабына сәйкес іс қозғалды.ІІМ вице-министрі К. Сүнтаев және өңірлік Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен байланыстамын. Өңірлік уәкіл оқиға орнына барады, – деп жазба қалдырды.

Динара Зәкиеваға дейінгі қызметте болған Аружан Сайн қоғамдық резонанс тудырған мәселелерден үнемі шет қалатын. Зәкиеваның ел сөзіне құлақ асқан алғашқы қадамына қарап-ақ, бала үшін шын алаңдайтынын байқадық.

Айтпақшы, Динара ханым Абай облысындағы өрттен қайтыс болған орман шаруашылығы қызметкерлерінің және эвакуациялық пункттердегі балалармен кездескен.

2 бала анасыз қалса, ал 7 бала әкесіз қалды. Өте ауыр. Екеуі әлі мектепке де бармаған, 2 және 5 жаста. Алтауы – мектеп оқушылары. Біреуі – университет студенті. Балалардың көбі Бородулихина, Успенка, Железенка ауылдарында тұрады.

Кішкентайлары өскенде кім болғысы келетіндерін айтты. Сәл үлкендері мен жасөспірімдер болған жағдайдың бәрін түсініп тұр, әкелерімен бірге өткізген сәттерді еске алды.

Кешке марқұм Мейрамгүлдің Семейдегі туыстарының үйінде тұрып жатқан 2 баласымен, әпкесімен кездестік. Өте тату отбасы екен, бір біріне қолдау танытып, балаларға барынша жылулық беріп, қастарында жүр.

Әпкесінің айтуынша, Мейрамгүл мен жұбайының болашаққа деген жоспары жарқын еді. Жұмыстан шығып, ұлының оқуына байланысты Семейге көшуге дайындалып жатыпты.

Жұмысын, әріптестерін қимай жүргенін де айтыпты. Мейрамгүл өз жұмысын, мамандығын өте жақсы көретін. Өзі мектепте, университетте үздік болған, жауапкершілігі жоғары мықты маман еді, былтыр “Семей орманы” өткізген шығармашылық жарыста бірінші орын иеленген екен.

Ананың орнын ешкім баса алмасы анық. Дегенмен, балалардың қасында әкелері мен жанашыр тәтелері бар.

Президент тапсырмасына сәйкес қайтыс болған қызметкерлердің балаларын оқыту, әлеуметтік қолдау, жәрдемақы және тағы басқа колдау шаралары іске асырылуда.

Сонымен қатар, қазір эвакуациялық пункттерде 56 бала тұрып жатыр. Бәрімен сөйлесіп шықтым. Оларға арнайы бағдарлама ұйымдастырылған, жазғы лагерьмен қамтып, мұражайларға апарып жатыр. Мектеп жасына дейінгі балалар балабақшаға орналастырылды.

Еріктілер тартылуда, сонымен қатар еліміздің түкпір-түкпірінен көмек келіп жатыр. Гуманитарлық көмекке тәттілер, смесьтер және жаялықтармен біз де қосылдық, – деді Динара Зәкиева.

Жасұлан Наурызәлі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: