Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Даңқты балуан ұлына қатысты оқиғаға жауап берді

06.09.2023, 13:22 218

HALYQLINE.KZ

Бүгін мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың тағы бір ұлы  көшеде әйелді ұрғаны туралы ақпарат тарады. Мәжілістің кулуарында депутат тілшілерге осыған қатысты пікір білдірді.
 

– Қай әке баласын жаман болсын дейді? Әкежан ересек бала. Мәселесін өзі шешсін, – деді Дәулет Тұрлыханов.
Журналистер «балаларыңызбен сөйлесіп, ақылыңызды айтпайсыз ба?» деген сауалға: «Міндетті түрде» деп қысқа ғана қайырды.


Айта кетейік, Дәулет Тұрлыхановтың 1995 жылы туған Әкежан есімді ортаншы ұлы көшеде әйелді ұрып-соққаны туралы ақпарат тарады. Журналист Михайл Козочков сәрсенбі күні телеграм арнасында «Тағы да сол Дәулет Тұрлыхановтың ұлдары. Ерекше ештеңе жоқ. «Инстаграмм» желісінде бір әйел өзін ұрып-соққан видеосын жариялады. Бұл жолы әйелге ортаншы ұлы тиіскен» деп жазды.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда адвокат Анна Чернова мен оның күйеуі Олег Черновқа шабуыл жасалған болатын. Шабуыл жасаған адам депутат Тұрлыхановтың әскердегі ұлы Нұрасыл Болат екені анықталды.
3 шілдеде Нұрасыл Болаттың әскери бөлімнен қашып кеткені белгілі болды. Кейін бұл ақпаратты Қорғаныс министрлігі ресми түрде растады. 4 шілде күні таңертең қорғаныс ведомствосы Нұрасыл Болатты әскери полиция қызметкерлері тауып, бөлімшеге жеткізгенін хабарлады.
4 шілдеде Тұрлыханов ұлының Қарулы күштердің сапында жүргеніне (тергеліп жатқан кезі) мақтанатынын, ар-намысын түсіргісі келетіндерге заң арқылы жауап беретінін айтқан.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: