Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дәстүрлі жәрмеңке өтті

18.10.2021, 15:30 535

HALYQLINE.KZ 16 қазан күні шаһар басшысы Ғанибек Қазантаев жәрмеңкедегі азық-түлік пен тауарлар бағасының бағамын бақылады.

Жәрмеңкеге Қызылорда қаласы тауар өндірушілері мен кәсіпкерлері шаһар тұрғындарына 40-тан астам өнім түрін ұсынды.

64 автокөлікпен барлығы 116 тонна азық-түлік тауарлары жеткізілді. Атап айтқанда 15,0 тонна картоп, 9,6 тн сәбіз, 7,5 тн жуа, 3,1 тн қырыққабат, 2,5 тн асхана қызылшасы, 5,0 тн 20,0 тн ақ күріш, 7000 дана өсімдік майы, 500 кг нан және нан өнімдері, 500 кг макарон өнімдері, 500 кг кондитерлік өнімдер, 4,5 тн сиыр еті, 500 кг қой еті, 1,2 тн жылқы еті, 200 кг шұжық, 300 кг сөк – талқан, 4,4 тн балық өнімдері базар нарығынан 15-20 пайыз арзан бағада сатылды.

Азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі 4-ші желтоқсанға дейін жалғасады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: