Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Цех жұмысымен танысты

30.06.2022, 15:30 510

HALYQLINE.KZ Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Жалағаш ауданына жасаған жұмыс сапары аясында «Өркен Әлем» ЖШС-нің арнайы киімдер және әскери каска дайындайтын цех жұмысымен танысты. Кәсіпорында қызмет атқаратын жұмысшылармен тілдесті.

Алдымен аймақ басшысына аудан әкімі кәсіпкерлік саласын дамыту бағытында атқарылған жұмыстарды баяндады. Жыл басынан бері аудан бойынша 12 жобаға 308,1 млн.теңгеге несие берілген. Олардың дені ауыл шаруашылығы мен қызмет көрсету салаларына тиесілі.

Аграрлы-индустриалды аймағында орналасқан кәсіпорын арнайы киімдер тігу мен әскери каска дайындау ісімен айналысады. Цехтың материалдық-техникалық базасы өндіріске қажетті жоғары технологиялармен қамтамасыз етілген. Қазірде газтұтқыш (противогаз), парашют және жалпы әскери қорғаныш жиынтығын тігуді қолға алған.

Айта кетейік, облыс әкімі әр аудан халқымен кездесу барысында, қосымша жұмыс орнын ашу, тұрақты жұмыспен қамту мәселесіне ерекше назар аударып келеді. Мәселен, осы жылдың 5 айында ауданда 882 жаңа жұмыс орыны ашылған. Оның 333-і тұрақты.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: