Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бұрымды қыздар неге азайды?

07.06.2023, 18:30 378

Қазақ халқы ежелден қыз баланың жүріс-тұрысына, киім киісіне ерекше мән берген. Шашты ертеден-ақ жоғары бағалаған және оған байланысты атқарылатын әдет-ғұрыптар бар. Шашыңды қима, шашыңды жайма, шашыңды кескенің бақытыңды кескенің делінген сөздер бар. Қазіргі таңда бұрымды қыздарымыз не себепті жиі кездеспейді? Несін жасырамыз, қоғамдық орындарда, көшеде бұрымды қыз көрсек тамсанып, таңданып қарайтын болдық. Еліктеу мен еріншектік жайлаған заманда мұны қалыпты құбылыс демеске шарамыз жок.

Осы орайда, «бойжеткендердің шашын өсіруіне не кедергі?» деген сауал ойымызға оралды. Білмекке ұмтылып, жауап іздеп көріп едік. «Бақсақ бақа екен» дегендей, себебі де бар болып шықты. Шаштың өсуі адам денсаулығына байланысты, мұны бәрі біледі деген ойдамыз. Шаштың жүйелі өспеуіне ауруға шалдығу, тұқым қуалаушылықта себеп бола алады. Өте жайсыз жаңалық естігенде шаштың бір бөлігі түсіп қалуы кездесіп жатады. Режимсіз ұйқы, уақытылы тамақтанбау бәрі-бәрі ең бірінші ағзаға әсер етеді. Стресс кезінде шаштың өсуі тоқтайды және түсуі көбейеді. Сонымен қатар, еріншектік те бар екенін жасыра алмаймыз. Жасөспірім қыздардың басты қайғысы – шашқа күтім жасау. Шашбояу, сусабындардың да әсері бар. Жарнамада көрсеткен сусабындарды сапалы деп қабылдайтынымыз рас. Ол тауарларды халық жиі тұтынады демесеңіз, әр шаштың құрамы әртүрлі болады. Сондықтан, қолға ілінгенімен шашыңызды жууды әдетке айналдырмаған жөн. Ал, шашбояу шашты өзге түске енуіне себепші болса, өсірмеу үшінде айтарлықтай еңбегін сіңіреді. Қазіргі кезде экологияға байланысты шашымызғада әсері тиіп тез түсуіне себепші болып жытыр. Шашты жиі-жиі жуып отырудың қажеті жоқ. Шашқа ауру пайда болып шаштың түсуіне себепші болады. Міне, біз мысал еткен фактілердің әсерінен бе, бұрымдылар азайды.

Салт-дәстүрді ұстанып, шашын кеспей шаш бау тағып жүретін қыздарымыз да жиі кездеседі. Шашбау – шаштың ажарын аша түсетін зергерлік өнер туындысы. Шашбау – түрлі-түсті асыл тастармен орнатылған моншақ тізілген ұзын күміс шынжырлы баумен орнатылған бұйым. Шашқа арналған әртүрлі бұйымдар бар: шашбау, шашқап, шолпы және тағы басқа да әшекилерді көріп жүрміз. Жасөспірім қыздардың шашын көрсек, ұзын қолаң шаш болады. Үйінде анасы, әжесі шашына табиғи өнімдер мен қолданып қатық, қымызбен жуып жатқанын көреміз. Табиғи өнімді аптасына бір немесе екі рет қолдансақ шашымыздың түсуі азайып, шашымыз жылдам өседі әрі қалың болып шыға келеді. Шашты аптасына бір рет жуған жөн. Шашты жуып болғаннан кейін жылы сумен әбден шайған дұрыс. Шаш ерекше күтімді қажет етеді. Бұрымды қыздардың аз болуы сондықтан болар деп ойлаймын.

Шаш – әрбір қыздардың көркі, мақтанышы. Қалың және жылтыраған, әдемі өмірдегі немесе табиғи түрде жатқызылған шаш бейнеге қымбат әшекейге қарағанда көбірек сұлулық сыйлайды. Аналарымыз шашты үш кезде ғана жаяды деп айтып отырады. Біріншісі, қыз баласы шашын бұрымдап өрер кезде, екіншісі, біреуге жар боп барған соң, жар төсегі үшін жібек шашын тарқатып жаяды екен. Үшіншісі, азаматы өлгенде жоқтап жаяды. Қазіргі кезде қыздардың барлығы қоғамдық орында не басқа жерде қарамастан шашын жаяды да кете береді.

Иықтан шашы төгіліп жерге,

Күмістен шашбау жарасып белге.

Ойыма осы бір өлең жолдарының еріксіз орала бергенін қараңызшы. Қазақ қызына арналған жыр шумақтарынан ақын шабытының асқақтығын аңғару қиын емес сияқты. Бір қарағанда қыздарға «кәрейский» деп аталатын шолақ шашыннан жалықтық. Арулардың ұзын өрілген бұрымы шашбаумен белінде тулап жатса ғой. Елестетіп көріңіші, керемет емес пе!? Қанша ғасыр өтсе де, түбі осы ұзын шаштың қайта сәнге айналатыны анық.

Айсұлу МАХСЕТОВА,

Қорқыт ата атындағы ҚУ-дың 2-курс студенті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: