Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Біз іздеген Шындықтың өзі бізден ұялып жүр

18.08.2020, 12:30 669

HALYQLINE.KZ

Бір күні Шындық пен Өтірік кездесті.

Өтірік: «Бүгін күн жақсы» – деді.

Шындық жан-жағына қарады, аспан ашық, жерде жел жоқ. Күн тамаша.

Олар құдыққа келді.

Өтірік суға қолын салып:

«Шындық, киімінді шеш, су жылы, шомылуға болады» – деді.

Шындық та суды көріп, бетің жуып: «Су тамаша» – деді.

Екеуі ұзақ суға түсті, бір кезде Өтірік білдірмей ақырын шығып, Шындықтың киімін киіп, жоқ болды.

Шындық киімсіз қалып, қатты ренжіп,

Өтірікті іздеді. Жалаңаш…

Жолда келе жатқан ӘЛЕМ жалаңаш Шындықты көріп, теріс қарап, бетін басып: «Ұятсыз, жолымнан кет!» -деді.

Сорлы Шындық ұялғанынан сол күннен жоқ болды… Құдыққа түсті ме? Белгісіз…

Ал Өтірік Шындықтың киімін киіп, әлемді ұялмай кезіп жүр. Әлем жалаңаш Шындықты көргісі келмейді… Біз іздеген Шындықтың өзі бізден ұялып жүр…

Райхан  МАТАЙ.

Әлеуметтік желіден алынды.

Көрнекі  сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: