Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Биыл кімдердің жалақысы көбейеді?

09.01.2022, 16:32 163

Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған тапсырманы орындау мақсатында 1 қаңтардан бастап азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын 2022-2025 жылдар кезеңінде жыл сайын орта есеппен 20%-ға арттыру басталады. 

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі хабарлады.

Нәтижесінде, 4 жыл ішінде олардың жалақысы 2 есеге артады. Бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер, мұрағатшылар, кітапханашылар, музейтанушылар, орманшылар, техникалық персонал және т.б. мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 591 мың азаматтық қызметшіге еңбекақыны көтеру әсер етеді, – делінген хабарламада.

Бұдан бұрын хабарланғандай, мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері толық көлемде және белгіленген мерзімде орындалады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: