Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Батыс Қазақстан облысында белгісіз дрондар байқалған

25.05.2026, 13:30 51

Батыс Қазақстан облысында Ресеймен шекаралас аумақта белгісіз ұшқышсыз аппараттар байқалғаны туралы хабар тарады. Orda.kz дерегінше, жергілікті тұрғындар бірнеше дрон көргенін айтқан. Бұған дейін Ақтөбе облысында құлаған беспилотник жерді қопарып, өрт шығарғаны хабарланған еді.

Бұл жағдай ел аумағындағы әуе кеңістігі қауіпсіздігіне қатысты сұрақтарды қайта көтерді. Кейінгі уақытта Қазақстанда дрондарды сатып алу, пайдалану және реттеу мәселесі жиі талқыланып жүр. Сондай-ақ аңшылықта дрон қолдануға тыйым салу туралы бастамалар да айтылған. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: