Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Басты талап – тазалық тәртібі

24.05.2023, 11:05 186

HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласы әкімдігі жанынан құрылған жұмысшы топпен қала аумағында құрылыс қалдықтарын тастау, ластау және қаланың сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізіп, нысан аумағын қалыпты жағдайда ұстамау, заңсыз қоршау жүргізу, жалпы эстетикалық талаптарды бұзу деректері бойынша рейдтік жұмыстар жүргізілуде.

Айта кету керек, «ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Заңының 16-бабына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің субъектілері 1) қызметiн заңдарға және мемлекеттiк нормативтерге (мемлекеттiк нормативтiк құжаттарға) сәйкес жүзеге асыруға және 2) өздерiнiң меншiгiндегi (иелiгiндегi, қолдануындағы) пайдаланылушы объектiлердi олардың азаматтар үшiн қауiпсiздiгiн, эстетикалық талаптарды қоса алғанда, нормативтiк және басқа да мiндеттi талаптарға сәйкес тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн лайықты жағдайда ұстауға мiндеттi делінген.

Осы ретте, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандары тәртіп сақшыларымен бірлесе жүргізген тексеруінде жеке және заңды тұлғалардың құрылысы толық бітпей қараусыз қалған ғимараттарын, құрылыс қалдықтарын арнайы шақыртусыз қоқыс аумағына төгуі, қоршаудың талапқа сай орнатылмауы, заңсыз қоршау жүргізу, жалпы эстетикалық талаптарды бұзу деректері секілді бірнеше фактілерді анықтап, әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берген 33 жеке және заңды тұлғаға әкімшілік хаттама рәсімдеді.

Аталған рейд жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты жалғасын табатын болады.Барша қала тұрғындарын, кәсіп иелерін және құрылыс қызметінің субъектілерін өзіне тиесілі нысан аумағаның санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге шақырамыз және нысанның сыртқы келбетін эстетикалық талапқа сай ұстау қажеттігін ескертеміз!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: