Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Басты мақсат – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

09.12.2022, 11:50 195

HALYQLINE.KZ Қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру бағыты бойынша өңіріміздің қадірлі азаматы, мемлекет және қоғам қайраткері Төребаев Шахизат Хамитұлымен кездесу өтті.Басқосуға зиялы қауым өкілдерімен бірге бірқатар басқармаларда жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Шакизат Төребаев өмір жолында мемлекеттік қызметте сатылап өсіп, түрлі жауапты қызметтерді атқарған азамат. Сондықтан да, сындарлы да қиын сәтте мемлекеттік қызметте абыройлы болудың, жауапты саладағы жауапкершілік салмағын саралаудың маңыздылығын жиналған көпшілікке айтып берді. Келелі кездесуде жаңа дамудың қарсаңында тұрған Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен жалпыұлттық негізде күресуді тоқтатпауды, оның тамырына балта шабу қажеттігі айтылды. Әрине, бұл үшін азаматтық қоғамның, әрбір адамның үлес қосуы өте маңызды.

Айта кету керек, жыл басынан бері аймақта халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды түсіндіру бағытында барлығы 25 іс-шара ұйымдастырылды. Мұнан бөлек, діни бірлестіктер және өзге де этнос өкілдерімен 6 шара, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша түрлі форматтағы 18 шара және мемлекеттік қызметшілердің зиялы қауым өкілдерімен 3 кездесуі өткізілді.

Сондай-ақ, баспа БАҚ-та «Антикор», «Тура биде туған жоқ», «Жемқорлықпен бірге күресеміз» тақырыптарында арнайы айдарлар ашылған. Аталмыш айдарлар аясында тұрақты материалдар жариялануда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: