Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Басшылар сөзімді жүрдім-бардым тыңдайды

29.10.2020, 11:30 1372

Халықтан “Халыққа“ хат

Осы хатым арқылы төмен­дегіше отбасылық тұрмыс жағдайымды мәлімдеймін. Мен Әйтеке би кенті, Желтоқсан көшесіндегі №19/2 жалдамалы пәтерде тұрамын. Жалғыз өзім үш баланы тәрбиелеп отырмын. Үлкенім – 2019 жылы №266 мектеп-лицейдің «Алтын белгі» иегері. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласындағы Астана медициналық университетінің (грант иегері) ІІ курс студенті. І курсында жатақхана ала алмады, пәтер жалдап тұрды. Қазіргі таңда үйде онлайн оқып жатыр. Ұлым орыс сыныбында 9-шы оқиды, кіші қызым – 8-сынып оқушысы. Өзім Әйтеке би кенттік клубында жұмыс істеймін (0,5 штаттық бірлікте). Айлық жалақым –  70 мың теңге. Басқа кіріс жоқ. Жалдамалы пәтерге айына  30 мың теңге төлеймін. Қазіргі кезде жағдайым сын көтермейді. Осы мәселелер бойынша тамыз айының 7-сі күні аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылғанмын. Бір аптадан соң онлайн кездесу жасаған болатын. Алайда­ интернет байланысы дұрыс болмағандықтан, сұхбаттаса алмадым. Басты мәселе №165 мектепте босайын деп жатқан орын­ға (яғни жұмысқа) тұруға ықпал жасауын сұрағанмын. Тамыз айыны­ң 10-ы күні аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Қалидың қабылдауында болдым. Ол қабылдауда №165 мектептің директоры, кадр бөлімінің ма­маны болды. Ол жерде көп нәрсе сұралып айтылды. Соңында «қыркүйек айының 20-сынан кейін сынақ мерзімінде жүресің, қабілетіңді көреміз, бізден хабар күт» деген. Қыркүйектің 21-і күні №165 мектепке барып, директордың қабылдауында болдым. Ол кісі «орын босаған соң жұ­мыс­қа  қабылдаймын»  деді.

Осы мәселеге байланысты аудан әкіміне жазбаша арыз бер­ген­ болатынмын. Жақын арада пошта арқылы маған білім бөлі­мінен, аудан әкімінің орынбасары Әліби Әбиевтің атынан хат келді. Орындаған Бектұр Қали деп көрсетілген. Менің түсін­бегенім, әлгі жауап хат ресми (фирменный) бланкіге жазыл­ғанмен, ешқандай тіркеу нөмірі, жазылған күні, айы, жылы көрсетілмеген, аудан әкімінің орынбасары Ә.Әбиевтің қолы қойылмаған. Тек, орындаған Бектұр Қалидың ғана қолы бар. Сонда бұл қалай? «Хат шығыс кітабына­ мұндай жағдайда қалай тіркелген, әлде тіркелмеген бе?» деген күмәнім бар. Аудан әкімі орынбасарынан келген хатқа неге мән берілмейді? Кез келген хатқа мемлекеттік қызметкерлердің жауап беру тәртібі бар емес пе? Әлде мені қарапайым жұмыс іздеп келген адам деп елемеген­і ме? Бектұр Қалидың алдына қабылдауына барға­нымда менің бетіме басын көте­ріп қараған да жоқ. Бұл мемлекеттік қызметкердің  әдептілігіне  жата  ма?

Оған қоса сол хаттың ішінде «Білім бөлімінің тарапынан Сіздің қызыңызды мамандығы бойынша жұмысқа орналастыру жөнінде мектеп басшысына тапсырма беру аталған заңның талабына қайшы болып табылады» деп жазылған. Мен Әліби Әбиев­тің атынан келген осы хатта қызымды жұмысқа орналастыру туралы неге сөз қозғалғанын түсінбедім. Жұмыс сұрап отыр­ған қызым емес, мен ғой. Бұл жерде хатқа жауап беріп отырған­ лауазымды тұлғалар, мемлекет­тік қызметкерлердің менің өті­нішімді жүрдім-бардым тыңдап, тіпті мән бермегендігі байқалып тұр. Оған қоса «заңның талабына­ қайшы болып табылады» деген сөзі де маған түсініксіз көрінді. Мен заң талабына қайшы қандай әрекет жасадым? Жазығым мамандығыма сай жұмыс сұрағаным ба? Егер заң талабына қай­шы болса, қабылдай алмаймын деп  неге  айтпайды?

Құрметті «Халық» газеті, алыс ауданның қарапайым тұрғы­нының өтінішін газет бетіне жариялайды  деп  үміттенемін.

Нұргүл  СӘРСЕНБАЕВА,

Қазалы  ауданы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: