Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Басқарма басшысы тұрындарды қабылдады

23.02.2024, 9:10 204

Басқарма басшысы Серік Сермағамбетов ағымдағы жылдың 1 тоқсанына арналған мемлекеттік орган басшыларының Азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес кезектілік тәртібімен жазылған азаматтардың мәселелерін тыңдады.

Қабылдауға келген тұрғындардың бірі балық шаруашылығын дамыту бағытында өз кәсібін жетілдіру, көлге су тарту, жарық жүйесін жүргізу, жол салу мәселесін заң аясында шешу бағытында қолдау білдіруді сұрады.

Сондай-ақ, қала тұрғыны «Арал өңірінің экологиялық дағдарыстан кейінгі жандану және өркендеу мақсатындағы ғылыми зерттеу» жобасына қолдау керектігін жеткізді.

Басқарма басшысы көтерілген мәселелер мен қойылған сұрақтардың барлығы заң аясында шешілетіндігін, айтылған ұсыныс-пікірлер назардан тыс қалмайтындығын және қолдау шараларының болатындығын жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: