Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бас Прокуратура ескертеді!

20.02.2020, 18:16 444

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Б.Б.Дембаевтың «Прокуратура туралы» Заңның 31-бабы тәртібінде үндеуі

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

Конституцияның 32-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға хақылы. Бұл құқықты пайдалану мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделері үшін заңмен шектелуі мүмкін.

Осыған тектес қағида Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 21-бабында бекітілген.

Осыны ескере отырып, Қазақстанда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының «Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңымен регламенттелген.

Бас прокуратураның түсіндірулеріне қарамастан, жекелеген адамдар, соның ішінде шетелден, сондай-ақ тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» («ҚДТ») экстремистік ұйымның жақтастары әлеуметтік желілерде ел тұрғындарын заңсыз митингілерге қатысуға шақыруды жалғастыруда.

М.Әблязовтың билікті күшпен құлатуға және басып алуға, әлеуметтік араздықты қоздыруға жария шақыруларына байланысты «ҚДТ» ұйымы сотпен Қазақстанның барлық ауамғында қызметіне тыйым салумен экстремистік деп танылғандығына (Астана қаласының Есіл аудандық сотының 13.03.2018 жылғы шешімі) назарларыңызды аударамыз.

Осылайша, «ҚДТ» экстремистік ұйымы бейбіт ұйым болып табылмайды.

Оның қызметіне кез келген қатысу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 258 (экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік) және 405-баптарына (экстремизмді жүзеге асыруға байланысты оның қызметіне тыйым салу туралы соттың шешімі бар ұйымның қызметіне қатысу) сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады.

Бұдан басқа, бұқаралық іс-шараны өткізуге рұқсат алғанға дейін оны ұйымдастырушының, сондай-ақ өзге де тұлғалардың бұқаралық ақпарат құралдарында, Интернетте немесе өзге де ақпараттық желілерде оның өткізілетін күні, орны мен уақыты туралы жариялауға құқығы жоқ. Сондай-ақ, олардың осы мақсатта парақшалар, плакаттар және өзге де осындай материалдарды дайындауға және таратуға құқығы жоқ.

Аталған ережелерді бұзу ұйымдастырушының ӘҚБтК-нің 488-бабының 3-бөлігі бойынша жауаптылығына әкеп соғады.

Басқаша айтқанда, 2020 жылғы 22 ақпанға заңсыз акцияларды ұйымдастыруды және өткізуді бұзғаны үшін әкімшілік ықпал ету шаралары қабылданатын болады (Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 488-бабы – Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу).

Егер бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірумен қатар жүрсе, онда кінәлі адамдар қылмыстық жауаптылыққа тартылады (Қылмыстық кодекстің 400-бабы – заңсыз акцияны ұйымдастыру немесе қатысу, егер олар елеулі залал келтірсе).

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 қарашадағы №273-VІ ҚРЗ Заңымен Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте 2019 жылғы желтоқсаннан бастап кәмелетке толмаған адамды заңсыз жария акцияларға тартқаны, сол сияқты оны қоғамдық, топтық немесе жеке мүдделер мен қарсылық бiлдiрудiң нысандарында пайдаланғаны үшін жауаптылық енгізілгенін түсіндіреміз.

Осы құқық бұзушылық үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 128-бабының 2-бөлігі бойынша жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл немесе он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамау көзделген.

Осыған байланысты, кез келген адамның рұқсат етілмеген жария іс-шараларды ұйымдастыру немесе оған қатысу жөніндегі іс-әрекеттерінің жолын құқық қорғау органдары заңмен көзделген жауаптылық шараларын қабылдай отырып, кесетін болады.

Бас прокуратура азаматтарды арандатушылыққа ермеуге, қолданыстағы заңнаманы мүлтіксіз сақтауға және заңсыз жария акцияларға қатысудан бас тартуға шақырады.

Пікірлер:

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: