Алаяқтар өзін мессенджердің ресми қолдау қызметі ретінде таныстырып, аккаунтты жою туралы сұрау түскені жөнінде жалған хабарлама жібереді. Онда аккаунтты сақтап қалу үшін 24 сағат ішінде арнайы батырманы басу қажет екені айтылады.
Сілтемеге өткен адам жалған ботқа немесе сайтқа бағытталып, SMS немесе Telegram арқылы келген растау кодын енгізуге шақырылады. Кодты енгізген сәтте аккаунтқа қолжетімділік алаяқтардың қолына өтеді.
Аккаунтыңызды қорғау үшін:
Растау кодтарын ешкімге бермеңіз;
Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз;
Екі кезеңді аутентификацияны қосыңыз;
Белсенді құрылғылар тізімін тұрақты тексеріп отырыңыз.
Мамандардың айтуынша, Telegram-ның ресми қызметі ешқашан растау кодын, құпиясөзді немесе аккаунт деректерін сұрамайды.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!