Қазалы ауданында балық өндірушімен көшпелі кездесу өтті. Облыс прокурорының төрағалығымен өткен кездесуде құқық қорғау, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың басшылары болды.
Кездесудің басты мақсаты су жануарлары ресурстарын өндіру мәселелеріне қатысты. Жиында басқарма басшысы Ғ.Еркебай баяндама жасады.
«Балық саласы экономикалық өсудің және халықты жұмыспен қамтудың маңызды салалардың бірі. Бүгінгі күні, облыс бойынша қуаттылығы 25 мың тоннаны құрайтын 11 балық өңдеу зауыттары жұмыс жасауда. 2024 жылы облыс бойынша – 5750 тонна балық ауланып, 2023 жылмен (5291,9 тонна) салыстырғанда 9 пайызға артты. 4010 тонна балық өнімдері 13 шет мемлекетке экспортталды. Балық өсіру балық шаруашылығының негізгі өсу нүктесі болып табылады. Осы орайда, 2024 жылы облыста қуаттылығы жылына 362 тонна құрайтын 4 балық өсіру шаруашылықтары іске қосылып, өсірілген балық көлемі де соңғы 5 жылда жылына 174 тоннадан 1000 тоннаға дейін өсті» – деді басқарма басшысы.
Мұнан соң, іс-сапар барысында Ғалымжан Бақтығалиұлы Қазалы орман шаруашылығы мекемесінің орман саялы ағаш көшеттер тұқымбағымен танысты.
Аталмыш тұқымбақтың аумағы 33,5 гектарды құрайды. Сыр талы, қара ағаш, үйеңкі, жеміс ағаштарынан шие және сары өрік секілді 43692 дана ағаш бар. Сонымен қатар, сексеуіл өсіру жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі таңда 10 гектар аумаққа сексеуіл тұқымдары себілген. Тұқымдар қарқынды өсіп келеді. Жоспар бойынша бұл көшеттер алдағы уақытта Арал теңізінің құрғаған ұлтанына егілетін болады. Бұл экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған маңызды қадам.
Мұнан соң, басқарма басшысы мекеменің жұмыс барысымен танысып, қызметкерлермен кездесті. Жоспарлы жұмыс бағытына сәттілік тіледі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!