Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Баласыздық идеясы

21.11.2024, 11:20 581

Child Free немесе баласыздық (балалы болмау, балалы болғысы келмеу) туралы идеясыз идея неліктен алып империяларда (АҚШ пен Ресейде) пайда болды?

Бұл идеяға қандай әлеуметтік көзқарас әсер етуде екені туралы қысқаша тоқталайық.

Ең алдымен, келесі терминдерді түсінуге тырысайық. Антинатализм, ұрпақ өрбіту мен босану – зұлымдық деген көзқарас. Балалы болу – бақыттан гөрі азап пен қиыншылық әкеледі деген идея. Антинаталистердің бұл идеясы Ницше, Вихтенштейн, Шопенгауэрдің де кейбір философиялық    тұжырымдамаларында  кездеседі.

Адамзатта жақын адамдарымен қарым-қатынасы күрделі, ауыр болады деп ойлайтын мизантроп немесе адамзатқа сенбейтін, олардың жеккөрушілігін сезінетін, жалғызсыраған пессимистерді қолдайтын топтар да бар. Әрине, көп  емес.

1980 жылдары шыққан Жин Виверстің «Childless by Choice» атты зерттеуінде баланы қаламайтын және тек өздері үшін өмір сүргісі келетін адамдар сипатталған. Бұл ұғым 19-20-ғасырлардағы өнер туындыларында әдебиетте, оның ішінде бенгалдық феминист жазушы Талисма Насриннің романдарында көрініс тапты.

Мүмкін Нью-Йорктің әлдебір көшесінде «иттерге мейірімді, балаларға рұқсат етілмейді» деген жазуды көруіңіз ғажап емес. Болса да, Z және альфа буынның ұрпақтары бұл құбылысты қарапайым нәрсе ретінде қарастырады, ал керісінше, бумерлер мен X буыны үшін бұл моральдық күйреу сияқты болып көрінеді.

Бірақ 2020 жылғы жағдай бойынша мыңжылдықтардың тек 30 пайызы отбасылы мен балалы болса, X буынның ұрпақтарында бұл көрсеткіш 40 пайызды құрайды. Негізінен, туу коэффициенті 1950 жылдан бастап тұрақты түрде төмендеп келеді. АҚШ-та көп жылдан бері отбасына бағытталған саясат пен түсіністіктің жоқтығы ауқымды көлемде сынға ұшырап келеді.

Соңғы жылдары пронаталистік қозғалыстың қарқынды өсуі шиқанды пікірталас тақырыбына айналуда. 1971 жылдан бастап Америка құрама штаттары иммиграциясыз, халық саясатын тұрақты деңгейде ұстап тұра алмады деп айыпталады.

Жалпы бедеулік көбейіп, христге сенушілер азайып, заманауиланған сайын әйелдер балалы болу, ана болу міндеттерінен гөрі еркін және ашық қарым-қатынаста өмір сүруді жөн көруде.

Қоғам мен уақытқа сай балалы болу әйелдердің карьерасына әсер етеді деген қорқыныш пайда болып, ал телеарналардан жүктілікке байланысты жұмыстан шығып қалғандар туралы статистикасын үнемі көрсетіп отырды. Балалы болудан гөрі жұмысқа орналасу қиынырақ сияқты түсінік орныға бастады.

Бертін, 1950 жылдарға дейін әйелдер босанғаннан кейін үйде кем дегенде бірнеше жыл бала тәрбиелеп, үй шаруасындағы әйел болуға міндетті болды. Мүмкін феминизм осы жағдайды өзгерткен шығар…

Қоғамның парадокстарының бірі адамдар әрқашан өз құқықтары үшін күресуге дайын болса да жүзеге асырмайды. Мәселен, ер адамдармен тең дәрежеде жұмыс істеуге мүмкіндігі бола тұра істегісі келмеуі мүмкін. Жақсы жалақы мен өзін-өзі бағалау деңгейі баласыздық идеясына сәйкес келеді. Америкада ғана емес, Ресейде және басқа елдерде де солай.

Мысалы, Америкада консервативті қоғамда ерлі-зайыптылар қартайғаннан кейін ата-аналарына қамқор болады деген сеніммен балаларын өсіреді. Бірақ іс жүзінде қарттарға кәсіби мамандар қарайды. Үйден ерте кету, жеке шығу, 25 жасқа жетсе де ата-анасымен бірге тұратын болса, онда қандай бір мәселесі бар екеніне сендіру секілді мәдениетті насихатты жүйелі жүргізіп, жастар санасына сіңіргендіктен қоғамда адамның жан жүрегі мен сезімі күңгірт тарта бастаған.

Оңтүстік Кореяда да туу көрсеткіші белсенді түрде төмендеп жатқаны туралы зерттеулер бар. Балалар жәрдемақысы, декреттік демалыс, босанғанға дейінгі жәрдемақылардың дұрыс үйлестірілмегені әйелдердің өзін тәуелсіз сезінбеу қорқынышын арттырады. Ресейдегі баласыздық идеясы Америкамен салыстырғанда салыстырмалы түрде түсінікті. Американдықтардың балалы болмау, бала мансапқа кедергі келтіреді, т.б. қорқыныштар Америкада бар, бірақ салыстырмалы түрде басқаша.

Бірінші себебі, ертең не болатынын ешкім білмейді. Тоқсаныншы жылдардағы -40 градуста жылусыз үйлер, бос қалған дүңгіршектер… деген сияқты әлеуметтік жетіспеушілік бүгінде болмаса  да  үш  жыл немесе  бес  жылдан  кейін бұлай болмайтыны  туралы ешқандай кепілдік жоқ.

Екіншіден, «анамның жолы болғаны сонша, мен қыз болып туылдым. Егер ұл болсам, Ауғанстанға соғысуға жіберуі мүмкін еді». Көп жылдар бұрын айтылған осы сөздерді бүгінгі күні де айтатын кез алыс емес секілді…

Үшінші қорқыныш – баланың өсетін ортасы. Шындығында, біздің елімізде балаларды оқытатын жалпы білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындарының әдіснамасына қатысты көптеген күмән мен келіспеушілік бар. Бұл жүйенің қанша уақытқа созылатыны және оның қашан дамып, өзгеретіні белгісіз.

Балаңа оқу ақысын бірқалыпты және тұрақты түрде төлей алатыныңа, ертең жұмысынан айырылып қалмайтынына уәде бере алмайтын жағдайда, өзінің отбасын құрып, жеке отау көтеруге деген ұмтылыс сөзсіз жоғалады. Балаңмен маңызды әңгімелерге бармай, жалған сөйлеп, бүгінгі қоғамда өсірсең де, ол есейіп, бәрін түсініп, логикалық тұрғыдан көз сала келе өзінің қорқынышсыз қоғамда өмір сүріп жатқанына күмәнданатын болады.

Елімізде көп бала бостандықсыз отбасыларда өсіп келеді. Жамандыққа өзіңді дайындау өте қиын. Ресейде баласыздықтың неге жиі кездесетініне жауапты Максим Горькийдің «Ана» романынан оқып, білуді ұсынғым келеді. Мүмкін, сол роман әлдеқайда анық және егжей-тегжейлі жауап беретін болар…

Аударған

Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Дереккөз:  «Новая  Газета»

Фото: avatars.dzeninfra.ru

Пікірлер:
  • Біріншіден Витгенштейн болар Вихтенштейн емес.
    Екіншіден Childfree антинатализмге жатпайды.
    Childfree бұл өмір салты ал антинатализм болса этикалық ұстаным.
    Childfree адамдар ауруға немесе кәсіпке байланысты әртүрлі себептермен балласыз болады.
    Антинатализм имандылықпен жасалған таңдау. Араб философы Аль Маари айткандай «бұл әкемнің маған жасаған қылмысы, мен оны ешкімге жасамағанмын»

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: