Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында денсаулық сақтау саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан, медицина саласының ардагері, жұқпалы аурулар ауруханасында ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек еткен білікті дәрігер Атабаев Базарбай Асанбайұлының рухына тағзым етіп, есімін мәңгілікке ұлықтау мақсатында орнатылған бюсттiң ашылуы болып өтті.
Шараға облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әбілпатта Алмас Әбдіғаппарұлы, республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығының басшысы Искаков Олжас Ермекұлы және медицина саласының ардагері Тұрғанбай Маханұлы қатысып, сөз сөйледi.
Сонымен қатар шараға сала қызметкерлерi мен ардагерлер қатысып, ардақты дәрігер рухына тағзым етiп, ескерткiшке гүл шоқтарын қойды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!