Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Балаларға ең көп қойылған есімдер белгілі болды

13.08.2020, 15:00 687

HALYQLINE.KZ Биыл Алматыда балаларға ең көп қойылған есімдер белгілі болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық Әділет департаменті Tengrinews.kz тілшісіне осы жылы жаңа туған балаларға Сардар есімі жиі қойылған екен. Осы есіммен 120 бала тіркелген.

Жиі қойылатын есімдердің тізімінде екінші орнында Абай есімі тұр. 110 сәбиге осы есім берілген. Кейінгі орындарда Хан (102), Әмірлан (97), Мүслім (70), Бейбарыс (50), Нұртілеу (40), Хақназар (32) есімдері бар.

Ұл балалар арасында сирек кездесетін есімдер де бар. Олар – Нұрперзент, Салах, Ержәнібек.

Ал қыз балаларға жиі қойылған есімдер тізімде Аяла (210), Хадиша (110), Асылым (101), Айкөркем (91), Амели (82), Медина (80), Раяна (50),  Томирис (52). Ал сирек кездесетін есімдер – Елнара, Имран, Марфуға, Төре, Зайран, Осман, Айбарыс.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: