Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Балалар қауіпсіздігі – жіті назарда

26.06.2020, 16:00 1252

HALYQLINE.KZ Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету – әрбір ата-ана үшін маңызды міндет. Ата-аналар тарапынан балалардың уақытылы қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, бұл қағидаларды ұстануын қадағалау да маңызды. Жазғы демалыстың басталысымен балалардың бос уақыты көбейеді. Бұл орайда ата-аналарға сақтық шараларын күшейткен абзал.

Жазғы демалыс кезінде балалардың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаз мезгілінің 3 айына учаскелік полиция инспекторларымен бірлесе ювеналды полиция қызметкері кезекшілікке бөлініп, қызмет атқаратын болады.

Демалыс орындарына балаларды тасымалдау кезінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ілесіп тасымалдау үшін қызметтік автокөлікпен қызметкерлер бөлінеді.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Сұлтан Бектөре Жеңісбайұлы жазғы демалыс уақытында балалардың жеке қауіпсіздігі, оның ішінде суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік шаралары ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың ерекше назарында болуы қажеттігін ескертеді. Бұл орайда, полиция қызметкерлері балалардың қауіпсіздік мәселесіне бей-жай қарамай, сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінде белгіленбеген орындарда суға шомылуға қатаң тыйым салынған. Осындай деректер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 364-бабына сәйкес әкімшілік шара көрілетін болады.

Сонымен бірге, жазғы мезгілде жасөспірімдердің көптеп шоғырланатын Қалалық демалыс паркінде олардың кешкі серуендеуі кезінде қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету мақсатында арнайы қызметкерлер бөлініп, қызмет атқаруда.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: