Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Балалар күніндегі тәтті тарту

01.06.2026, 16:49 20

Баланың күлкісінде бақыттың үні бар. Жүзіндегі жымиыс жүректі жылытатыны тағы рас. Бүгін – халықаралық балаларды қорғау күні. ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің қызметкерлері әдемі үрдісті үзбей, кішкентайларды қуантуды жөн санады. Яғни, орталық алаңға барып, балаларға тәтті балмұздақ пен түрлі ойыншық таратты. Ата-аналар да дән риза болып, алғыстарын білдірді.

– Бала – көңілдің гүлі, көздің нұры. Бар махаббат пен мейірімге бөлейтініміз де сондықтан. Бүгінгі мерекеде бүлдіршіндердің қуанышына себепкер болсақ деп ниеттендік. Біз үшін ең бастысы – балалардың бақытты балалық шағы. Сол себепті олардың көңіл күйін көтеруге бағытталған игі шараларға атсалысуға әзірміз, — дейді мекеменің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары әділет майоры Мирамбек Тұрымбетов.

З.Қонысжан

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: