Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Байқоңырда әлемдік стандартқа сай қонақүй салынатын болады

15.12.2020, 14:30 471

HALYQLINE.KZ Биыл Байқоңыр қаласын дамыту мақсатында жол картасы әзірленді. Яғни, қаланың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін дамытуға және тұрғындардың өмір сүру деңгейін арттыруға, Байқоңыр қаласында тұратын ҚР азаматтарының тұрғын үйлерін жекешелендіру, инфрақұрылымын қайта жаңартуға, жаңа тұрғын үй салуға бағытталған жобалар мен бағдарламалар жүзеге асырылуда.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Жасұлан Абатов.

– Аталған жобалар бойынша су бұру жүйелері қайта жаңартылды. Сондай-ақ, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жүргізілуде.

Бұған қоса, Байқоңырда жұмыс істейтін білім беру және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың санын көбейтудеміз. Сонымен қатар, қаланың ойын-сауық және туристік әлеуетін арттыру үшін «Россия» қонақүйінің ғимаратын жалдан шығару мәселесі шешілуде. Мұнан өзге, әлемдік стандарттағы қонақүй кешенін ашу үшін қазақстандық инвесторлар тартудамыз. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, – деді Жасұлан Уалиұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: