Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Азаматтық танытқан жандар марапатталды

20.02.2024, 16:25 251

HALYQLINE.KZ

Осы жылдың 7 ақпанынан бастап күн райының қолайсыздығына байланысты «Самара-Шымкент» автомобиль жолының Ақтөбе облысынан Арал қаласына дейінгі бөлігі жабылып, көліктің барлық түріне шектеу енгізілді. Халықаралық автомобиль жолының аудан аумағында орналасқан сервистік кешендерде 1241 автокөлік (928 жүк көлігі, 22 жолаушылар көлігі, 291 жеңіл көлік) пен 3500-ға мыңға жуық жолаушы тұрақтады. Бұл туралы Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аудан басшысы Аманжол Оңғарбаев бүгінгі өткен актив отырысында жолаушыларға ыстық тамақпен, тұрмыстық заттармен және дәрі-дәрмекпен көмек көрсетіп, демеу болған барша азаматтарға шынайы алғысын білдірді.

«Қалыптасқан ахуалға байланысты, дер кезінде арнайы штаб құрылып, барлық қажетті шаралар қолға алынды. Атап айтқанда, оқиға орындарында полиция, төтенше жағдай және медициналық қызмет тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырды. Айрықша айтатын жайт, әкімдіктен бастап біршама мекеменің қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер мен еріктілер қайырымдылық танытып, «Жығылғанға демеу, сүрінгенге сүйеу» бола білді. Арал индустриалды-техникалық колледжінің жатақханасына – 89 адам, «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығына – 25 адам, Аралқұм елді мекеніндегі №61 орта мектебіне – 60 адам, «Нұр» қонақүйіне 10 адам орналасып, жатын орынмен қамтамасыз етілді. Кейбір жолаушылар денсаулық жағдайына байланысты жедел жәрдем қызметімен аудандық ауруханаға жеткізіліп, тиісті медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі таңда жол бойындағы ахуал тұрақталып, қалыпты көлік қозғалысы орнады. Табиғат тосын мінез танытқанда қамқорлық жасап, жабырқаған жандарға суық күні жылулық сыйлаған жерлестеріме өз атымнан алғысымды білдіремін» – деді, Аманжол Сақыпұлы.

Осы ретте, төрт тәулік бойы табандылық пен адамгершілік үлгісін танытып, қолдау білдірген бірқатар азамат пен мекеме ұжымдары облыс және аудан әкімінің арнайы «Алғысымен» марапатталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: