Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ауызсу сапасын арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр

24.01.2023, 9:30 84

HALYQLINE.KZ Бұл туралы бүгін қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте «Қызылорда су жүйесі» МКК басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Өтепов баяндады.

– Бүгінгі күні кәсіпорын 84 548 тұтынушыға қызмет көрсетеді,  яғни қала тұрғындарының 100 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйелерімен толық қамтылған. 2022 жылы ауыз су, кәріз жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары толық орындалды. Атап айтқанда, кәріз су жүйелеріндегі 239 метр тозығы жеткен құбыр ауыстырылды, ауыз су жүйесіндегі тозығы жеткен 81 дана ашып-жабу ысырмалары және 6 дана кері клапандары, істен шыққан өрт гидранттарының 22-сі жаңартылды және тағы да басқа жұмыстар 103,5% пайызға орындалды, – деді Нұрлан Кеңесұлы.

Өткен жылы инвестициялық бағдарлама арқылы 3,7 шақырым ауыз су жүйесі мен 0,14 шақырым кәріз жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі арқылы 11 ұңғымаға күрделі жөндеу, қалалық құрылыс бөлімінің тапсырысымен 1,8 шақырым ауыз су жүйесіне, 5,5 шақырым кәріз жүйесіне және 2 бірлік КНС-на (Гарант, Агропромм) қайта жаңғырту жұмыстары атқарылған.

Қазіргі таңда «Бәйтерек» тұрғын ауданын ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін 7 ұңғымадан тұратын су алу құрылымының құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, биыл 10,0 шақырым ауыз су жүйелері мен қолданыстағы  12 бірлік КНС-на қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Бұдан бөлек, кәсіпорын 8 сектор бойынша тазалық қызметін, қоқыс  шығару, полигон,  297 көп қабатты тұрғын үйге ортақ меншікті күтіп ұстау және тұрғын үйлерді қайта жаңғырту қызметтерін атқарып келеді. 

Көппәтерлі тұрғын үйлерге кондоминиум объектісінің ортақ меншіктегі  мүліктеріне күрделі жөндеудің  жекелеген түрлері бойынша 2011-2022 жылдар  аралығында 180  көп пәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биыл 12 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмысын жүргізуге бюджеттік өтінім тапсырылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: