Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ауыл шаруашылығы саласы тұрақты дамып келеді

02.02.2023, 17:05 170

HALYQLINE.KZ Бүгін баспасөз орталығында өткен брифингте  қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрбек Әзірбек 2022 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

 Жалпы, 2022 жылы ауыл шарашылығы құрылымдарында 9036 гектарға ауыл шаруашылық дақылдары егіліп, 2 519,8 тонна ет, 3241 тонна сүт, 685 мың дана жұмыртқа өндірілді.

– Мемлекеттік бағдарламалар да шаруа қожалықтарына мал басын көбейтуде өз жеңілдігін тигізуде. Мәселен, өткен жылы «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында кент, ауылдық округтер бойынша қаржы институттары арқылы – 25 жоба мақұлданып, 232,7 млн теңге несиеге  45 бас МІҚ, 616 бас уақ мал, 246 бас жылқы сатып алынды. Сонымен қатар, қала тұрғындарын көкөніс және бақша өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында Қарауылтөбе ауылдық округінен 10 гектар егістік жер бөлініп, ынта білдірген 70 тұрғын картоп, қияр, қызанақ, сәбіз, асқабақ, қауын-қарбыз  дақылдарын егумен айналысты, – деді бөлім басшысы Нұрбек Әзірбекұлы.

Өткен жылы өнімдерді өндірудің жаңа технологиялары арқылы, яғни жаңбырлатып суару әдісімен Ақсуат ауылдық округінде «Алдан» шаруа қожалығымен 200 гектарға жаңа жоңышқа егілді. «Golden Bridge Turan» ЖШС-мен 6 гектар аумақтағы жылыжайдың 50 данасына күріш дақылы көшеттеп егу тәсілі арқылы орналастырылды. Сондай-ақ, тамшылатып суару технологиясымен  Қарауылтөбе ауылдық округінде 3 гектар қызанақ және Қызылөзек ауылдық округінде 8 гектар картоп егілді. Ал, Ақсуат ауылдық округінде көлемі 2,2 гектар автоматтандырылған жылыжай кешеніне қаңтар айында егілген қияр өнімінен 246 тоннаға жуық өнім жиналды.

Шағын жылыжай кешенін дамытуда Ақсуат пен Қызылжарма ауылдық округтерінен  жаңадан жалпы көлемі 1300 шаршы метрді құрайтын 2 дана жылыжай кешені іске қосылды. Сонымен қатар, Ақсуат ауылдық округі мен Белкөл кентінен «Қызылорда өңірілік инвестиция орталығы» арқылы 13,0 млн теңгеге 2 дана жылыжай кешені салынды.

Бүгінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру мақсатында «Байқоңыр» ӘКК»-ы арқылы 5 сауда үйлерінде («Аль-Асад», «Ажар», «Қызылорда», «Мирас», «Анвар») әлеуметтік бұрыштар орналыстырылса, 37 әлеуметтік дүкен қызмет көрсетуде. Сонымен қатар, 2022 жылы қала әкімдігі және күріш өндірушілер мен негізгі ірі сауда орындары арасында үш жақты меморандум жасалып, қазіргі уақытта күріш «Қызылорда» Оптомаркетінде 370 теңгеден, «Анвар» Сауда үйінде 372 теңгеден, «Аль-Асад» және «Ажар Сити» сауда үйлерінде 373 теңгеден сатылуда.

Осы орайда, ҚР Үкіметімен бекітілген 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына әр аптаның дүйсенбі күні қала әкімдігі мен  ауыл шаруашылығы басқармасы, Статистика департаменті, «Байқоңыр» ӘКК»-ымен қала аумағындағы ірі сауда орындары мен супермаркеттерден ашылған әлеуметтік бұрыштарға мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: