Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Автоұрлықпен күресу жеңілдейді

19.03.2021, 10:20 241

HALYQLINE.KZ

Бұдан былай отандық полицейлерге ТМД аумағындағы автокөлік ұрлығымен күрес жұмыстары жеңілдейді. Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысында депутаттар «2005 жылғы 25 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің автокөлік құралдарын жымқыруға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қарап, қабылдады.

Бұл келісім ТМД елдерінің аумағында тіркеуден шығарылған және апатқа ұшыраған автокөліктер туралы мәліметтер жарияланатын деректердің ақпараттық базасының жұмысын қолдауды көздейді. Мәліметтермен жедел алмасу тәжірибесі Достастыққа мүше мемлекеттердің автокөлік ұрлығымен күрес және оларды қайтару жұмыстарында бірлесіп, белсенді әрекет етуге мүмкіндік береді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: