Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

22.05.2025, 11:45 533

Қызылорда гарнизонында барлық санатты әскери қызметшілердің қатысуымен жиын өтті. Жиынға Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімше бастығы, майор Б.Дәуренқұлов, әскери автомобиль полициясы бөлімшесінің бағыты бойынша аға маман жүргізушісі старшина Б.Скендеров қатысты. Шара аясында «Жол жүру қағидаларын сақтау – қауіпсіздік кепілі және Жол көлік оқиғасыз – демалыс» тақырыбы таныстырылды. Онда әскерилердің жол жүру қағидаларын қатаң сақтауына, жол көлік оқиғасы болған жағдайда іс қимылдары, демалыс барысында қауіпсіздік шараларының сақталуы түсіндірілді. Сонымен қатар, белгіленбеген орында шомылуына тиым салынатыны жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: