Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қорғаныс министрлігі үндеу жасады

29.06.2026, 11:05 67

29 маусымнан бастап Қазақстанда әскери оқу-жаттығу өтеді. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі маңызды мәлімдеме жасады, деп жазады halyqline.kz тілшісі Alash.kz сайтына сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, 29 маусым мен 2 шілде аралығында Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен мекемелерінде әскерлерді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежелеріне келтіру бойынша кешенді тактикалық-саптық сабақтар өткізіледі.

«Іс-шаралар жеке құрам мен бөлімшелердің әскерлерді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежелеріне келтіру кезіндегі практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталған.

Өткізілетін іс-шаралар жоспарлы оқу сипатында болады және негізінен әскери бөлімдердің аумақтарында және оқу полигондарында ұйымдастырылады. Осыған байланысты әскери техниканың қозғалысы байқалуы мүмкін», — делінген ресми хабарламада.

Жекелеген бөлімшелер оқу полигондары мен оқу орталықтарына жоспарлы марштар жасайды. Осы кезеңде өңірлердегі жекелеген автожол учаскелерінде жол қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін.

Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі азаматтарды, әлеуметтік желі қолданушыларын және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тек ресми ақпарат көздерінде жарияланған мәліметтерді басшылыққа алуға шақырады.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: