Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Каспийдегі оқу-жаттығудан аман қалған сарбаздың жағдайы белгілі болды

25.09.2026, 10:31 48

Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде Каспий теңізінен құтқарылып, ауруханаға жеткізілген әскери қызметшінің жағдайы тұрақты. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Бұл туралы Үкіметтік комиссия отырысында Денсаулық сақтау вице-министрі Манас Рамазанов мәлімдеді. 

Әскери қызметшіге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бұған дейін Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы оның жағдайын «тұрақты ауыр» деп бағалаған еді. 

Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаевтың әлеуметтік желіде таратқан мәліметінше, сарбаз өздігінен жүріп, тамақ ішіп, сөйлесе алады. Енді оған оңалту кезеңінен өту қажет. Бұл мәліметтің осы бөлігі әзірге ресми медициналық хабарламада нақтыланбаған.

Әлеуметтік желідегі жазбаларда ауруханаға түскен әскери қызметшінің аты-жөні Ақжол Темиралиев, 2007 жылы туған деп көрсетіліп жүр. Алайда ресми органдар оның аты-жөнін әзірге жариялаған жоқ.

24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде 19 әскери қызметшіні теңізге алып кеткен. Үш адам құтқарылды. Қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, Үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: