Ведомство “дәрігерлер үш жылға жуық уақыт бойы науқастың өмірін сақтап қалу үшін күрескенін” айтып, “алайда алған аса ауыр жарақаттарының салдарынан бас миында қайтымсыз өзгерістер орын алып, науқастың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады” деп мәлімдеді.
Министрліктің хабарлауынша, “қарқынды терапияға қарамастан” науқастың өмірлік маңызды көрсеткіштері «біртіндеп нашарлаған».
“2026 жылдың маусым айында негізгі ауыр сырқаттың аясында инфекциялық асқынулар, сепсис және көп ағзалық жеткіліксіздік синдромы дамыды. 2026 жылғы 23 маусымда сағат 21:40-та науқастың биологиялық өлімі тіркелді. Өлімнің тікелей себебі ауыр бас-ми жарақатының салдары мен оған қосылған асқынулар аясында дамыған көп ағзалық жеткіліксіздік синдромы болды” деп жазылған министрліктің хабарламасында.
Әскерде жұмбақ жағдайда жарақат алып, ұзақ жыл бойы ем қабылдаған Ербаян Мұхтардың көз жұмғаны 23 маусымда белгілі болды. Ол қайтыс болғаннан кейін туыстары БАҚ-қа ауруханада оны «дұрыс қарамағанын» айтып шағымданған еді.
Жақындарының бірі Наурызбай Сәкібаев masa.media сайтына берген сұхбатында пневмониямен ауырған Ербаянның “жүрегі соғып тұрғанына қарамастан” аппараттан суырып тастағанын, оның мойнындағы «пластик трубканың іріңдеп кеткенін» айтқан еді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!