Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

24.09.2026, 19:26 30

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен 25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Шешім Маңғыстау облысында қызметтік міндетін атқару кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты қабылданды. 

24 қыркүйекте Каспий теңізінің жағалауында оқу-жаттығу кезінде 19 әскери қызметшіні теңіз алып кеткен. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, олардың тоғызы қаза тапқан. Қалған әскери қызметшілерді іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. 

Мемлекет басшысының тиісті өкімі Ақорданың ресми ресурстарында жарияланды. 25 қыркүйекте ел аумағында мемлекеттік тулар төмен түсіріліп, ойын-сауық және бірқатар бұқаралық іс-шаралар тоқтатылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: