Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

150-дей курсант ант қабылдады

06.05.2026, 8:30 33

HALYQLINE.KZ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Отан қорғаушылар күні қарсаңында салтанатты әскери ант қабылдау рәсімі өтті. Биылғы рәсім мерекеге арналған мерейтойлық іс-шаралар аясында ұйымдастырылып, жас курсанттар үшін ерекше маңызға ие болды. Бұл туралы университеттің медиа орталығы ақпарат таратты.

Салтанатты жиын барысында университеттің Басқарма мүшесі —  академиялық мәселелер бойынша проректор Дана Абдрашева әскери анттың мән-маңызына тоқталып, курсанттарды Қазақстан Республикасы Конституциясының талаптарын сақтауға шақырды. Сонымен қатар, Дана Мейрамқызы курсанттарды маңызды кезеңмен құттықтап, алдағы саптық және әскери-далалық қызметтеріне сәттілік тіледі.

Екі жыл бойы әскери дайындықтан өткен курсанттар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қатарына қосылып, Отан алдындағы борышын өтеуге ант берді. Жалпы әскери кафедрада 143 білім алушы оқыса, салтанатты рәсім аясында 98 студентке офицерлер бағдарламасы бойынша запастағы офицер әскери атағы, ал 45 студентке сержанттар бағдарламасы бойынша запастағы кіші сержант атағы берілді.

Айта кетейік, 2000 жылы құрылған университеттің әскери кафедрасы бүгінгі күнге дейін 3 мыңнан астам жас маманды даярлап, еліміздің Қарулы Күштерін білікті кадрлармен толықтырып келеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: