Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Арал теңізінде балықшы суға кетті

17.08.2020, 12:50 598

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысында жыл басынан бері 6 адам балық аулау кезінде суға кетті. Ал өткен аптада кіші Арал теңізі, №6 учаскесінде 1 азамат балық аулау барысында қаза тапты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Саид Молдақараев мәлімдеді.

– Ағымдағы жылдың 16 тамызында Арал ауданының 1965 жылғы тұрғыны пластмасса қайығымен балық аулауға шығып, аударылып суға батып кеткен. Бүгін, яғни 17 тамыз күні сағат 10.45-те мәйіті табылып, судан шығарылды. Азаматтардың суға түсу және балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауын, абай болуын сұраймыз, – деді Саид Шазындаұлы.

Көрнекі  сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: