Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ақын мұрасына тағзым: Шөмішбай Сариевтың жары Аралда болды

22.05.2026, 22:40 33

 HALYQLINE.KZ

Шөмішбай Сариевтің 80 жылдық еске алу кешіне орай ақынның жары Жұмагүл Сариева және қызы мен немересі Арал ауданына арнайы қонақ болып келіп, өңірдегі бірқатар рухани-мәдени нысандардың жұмысымен танысты. Бұл турал аудан әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Сапар барысында алдымен қонақтар классик жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің әдебиет үйіне барып, тыныс-тіршілігімен, қордағы жәдігерлермен танысты.

Мұнан соң қонақтар «Руханият» орталығына барды. Орталықтың жұмысымен танысу барысында музей экспозициялары мен рухани бағыттағы жобалар назарға ұсынылды. Айрықша сәтте Шөмішбай Сариевтің жары ақынның смокинг костюмі мен аяқкиімін музей қорына тарту етіп, құнды жәдігерлерді ел игілігіне табыстады.

Сонымен қатар орталық жанындағы кітапханада оқырмандармен кездесу ұйымдастырылып, ақын шығармашылығы мен руханият тақырыбында мазмұнды әңгіме өрбіді.

Сапар аясында қонақтар «Келешек мектептері» ұлттық жобасы шеңберінде бой көтерген білім ордасына барып, №292 орта мектептің жұмысымен танысты. Мектеп ұжымымен және оқушылармен жүздесу барысында мерейтойлық іс-шара ұйымдастырылып, ақын шығармашылығы кеңінен насихатталды.

Сондай-ақ қонақтар «Балықшылар» аллеясына барып, аллеяның көркемдік келбетімен және «Балықшылар» музейінің жұмысымен танысты.

Тағылымды сапар барысында ұлттық руханиятты дәріптеу, ақын мұрасын насихаттау және мәдени құндылықтарды келер ұрпаққа жеткізу бағытындағы маңызды бастамалар кеңінен сөз болды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: