Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ақтау мен Дубай арасындағы рейстер 15 қыркүйекке дейін тоқтатылды

10.08.2026, 10:20 62

FlyArystan әуе компаниясы Ақтау – Дубай – Ақтау бағытындағы рейстерді уақытша тоқтату мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Halyqline.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Компанияның мәліметінше, рейстер 2026 жылғы 15 қыркүйекті қоса алғанда орындалмайды. Мұндай шешім Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға байланысты қабылданған.

Бұған дейін аталған бағыттағы әуе қатынасы 29 тамызға дейін тоқтатылған еді.

Рейсі тоқтатылған жолаушылар билет құнын айыппұлсыз толық қайтарып ала алады. Қаражат билеттің сатып алынған орны арқылы қайтарылады.

Бұған дейін Air Astana да Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты рейстер кестесіне өзгеріс енгізілетінін ескерткен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: