Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Ақарықтың» арнасы тазаланды

30.07.2020, 18:30 373

HALYQLINE.KZ Биыл Қазалы ауданында ауылдарды абаттандыру, көшелерді орташа жөндеу мен жарықтандыру, әлеуметтік нысандарды ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Оған «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы көп көмектесіп жатыр.

Аталмыш бағдарламаның шеңберінде Ғ.Мұратбаев ауылындағы аяқсу мәселесін реттейтін «Ақарық» каналының арнасы тазаланды. Бұған дейін арнасын арамшөп басқан каналда судың ағысы өте төмен болатын. Сондықтан кей күндері ауылда аяқсу тапшылығы сезілетін. Енді ауыл тұрғындары ол күнді ұмытатын болады.

«Жол картасы» аясында бөлінген 11 млн теңгеге 3,9 шақырым каналдың қос арнасы арнасы қазылып, қайта тазаланды. Каналдың арнасын тазалаған мердігер мекеме «Табиғат» ЖШС ауылдың жұмыссыз жүрген 6 тұрғынын жұмыспен қамтыды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: