Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Апат құрбандарын еске алды

04.03.2020, 12:31 664

2008 жылдың 28 ақпанындағы қайғылы оқиға республикадағы бірде-бір адамды бейжай қалдырған жоқ. Облыс аумағындағы су тасқынынан қорғау мақсатындағы іс-шаралар барысында Сырдария өзені үстінен бақылау үшін ұшып өткен ҚР ТЖМ «Қазәуеқұтқару» ММ-нің «МИ-8» тікұшағы Жалағаш ауданы аумағына құлап, апат алты адамның өмірін жалмап кетті. Сол күні қызметтік міндеттерін орындау барысында қаза болғандар қатарында департамент бастығының орынбасары полковник Қазбек Төреманов, журналист Сағитжан Бермағамбетов, ұшқыштар Виталий Глазунов, Нұрлан Құмаров, Фахретдин Оңғарбаев және Ғалым Нұрмағамбетов бар еді.

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жыл сайын тікұшақ апатынан мерт болғандарды еске алу күнін өткізіп келеді. Мемориалдық тақта алдындағы бүгінгі еске алу шарасы бір минуттік үнсіздік жариялаумен басталды. Одан соң әруақтарға арнап Құран бағышталды.

Еске алу шарасында Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник Саид Молдақараев, Қызылорда облысы ТЖД ардагерлер кеңесінің төрағасы, ТЖД бастығының кеңесшісі Тұңғышбай Ботабаев, Өрт сөндіру қызметінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Нұрсұлтан Ибрагимов қаза болған Қазбек Төремановтың отбасысы қатысып, ел үшін еңбек еткен ердің ерлігін айтып, еске алды.

Қызылорда облысы ТЖД

Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: