Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Анықтаманы қалай аламын?

18.08.2020, 11:15 357

HALYQLINE.KZ  Құрметті оқырман, бүгінгі #oqy&toqy айдарында аты-жөнін өзгерткен кезде берілетін анықтаманың телнұсқасын қайта алу жайлы айтатын боламыз.

Ол үшін: 📌Egov.kz порталына кіріңіз;

Іздеу жолы арқылы «Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру» қызметін табыңыз;

Қызметті онлайн сұратыңыз;

Аты-жөніңіз, тегіңіз жайлы ақпаратты толықтай жазып шығыңыз;

Аты-жөніңіздегі өзгерістер жайлы жазбалар тіркелген АХАТ бөлімі және дайын құжатты алатын ХҚО мекенжайы туралы деректерді порталға енгізіңіз;

Екінші қадамда қызмет үшін мемлекеттік БАЖ салығын төлеңіз;

Үшінші қадамда төлем мәртебесі жайлы ақпаратты «жаңарту» арқылы порталға шығарыңыз;

Төртінші қадамда ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз;

Қызметтің нәтижесін жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан көре аласыз.

Қызмет құны 1 айлық есептік көрсеткіш.

Қызмет АКТ жазбалары сұрауының орындалуына қарай 30 күнтізбелік күнге дейін созылуы мүмкін.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: