Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алматыда хостел өртенді, адам шығыны бар

30.11.2023, 9:30 112

HALYQLINE.KZ

Алматыда хостел өртеніп, 13 адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazinform. 

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 30 қараша күні сағат 05:33-те Әди Шәріпов көшесіндегі өрт туралы хабарлама түсті. Бірінші өрт сөндіру бөлімі шақырту орнына 7 минут ішінде келді.

«Келген бойда 1 қабаты және жертөлесі жатақханаға айналған 3 қабатты тұрғын үйдің жанып жатқаны анықталды. Алдын ала ақпарат бойынша өрттің жалпы ауданы – 30 шаршы метр. Қабылданған шаралармен өрт 06:22-де жойылды», – деп хабарлады департаменттен.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес өртті барлау және сөндіру барысында 13 адамның денесі табылды. Қазір олардың кім екені анықталып жатыр.

Олар көміртегі тотығынан уланып қайтыс болған.

https://kyzylorda-news.kz/kogam/almatyda-hostel-oertenip-13-adam-khaza-tapty-30-11-2023

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: