Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жалағашта жоғалған балалар табылды

21.04.2020, 17:56 482

HALYQLINE.KZ –| 2020 жылдың 19 сәуірінде сағат 14:00 шамасында Жалағаш ауданы, Таң ауылында 7-8 жастағы балаларының ойнап келеміз деп, үйлерінен шығып кетіп, қайта оралмағандығы жөнінде олардың ата-аналары полицияға арызданады.

Үйінен «ойнап келеміз» деп шығып кеткен балаларын ата-аналары өздері іздей бастайды. Алайда балаларын таба алмағаннан кейін сол күні сағат 23:05 шамасында Жалағаш ауданының Полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Нұрбек Сариевке хабарлама береді.

Содан учаскелік полиция инспекторы Н.Сариев ахуалды толық нақтылап, «102» арнасына қоңырау шалған. Жедел түрде осы дерек бойынша бөлім бастығы полиция подполковнигі Нурлан Ағаділовтің нұсқауымен топ құрылып, іздестіру жұмыстары басталады.

Жалағаш ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлері жоғалған балаларды түні бойы іздеп, түнгі сағат 03:00 шамасында Таң ауылынан шығысқа қарай 7 шақырым жерде орналасқан «Шіркейлі» каналының тұсында орналасқан шабындық жанында ұйықтап жатқан жерінен табады. Бабаларды іздестіруге ауыл тұрғыны Ахметов Төремұрат та атсалысып, көмектесті. Полицейлер оларды ата-аналарына аман-есен тапсырды.

Төтенше жағдай кезіндегі карантин режимінің талаптарын сақтамағаны үшін екі баланың ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 6-бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылып, жинақталған құжаттар аудандық сотқа жолданды.

Сонымен қатар, ата-аналар мен балаларға алдағы уақытта мұндай келеңсіз жағдай болмас үшін профилактикалық түсіндірме жұмыстар жүргізілді.

Қызылорда облысының полиция Департаменті ата-аналарды төтенше режим кезінде жарияланған карантин талаптарын сақтап, балалардың жүріп тұруын қадағалауды сұрайды.

Қызылорда облысының Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: