Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тұрмыстық жағдайда өрт қауіпсіздігін сақтайық

07.04.2020, 11:36 2363

HALYQLINE.KZ –| Күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау мүліктің зақымдануына ғана емес, түрлі қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін. Әсіресе, балалардың отпен ойнауынан төтенше жағдай болады. Десе де, өрт қауіпсіздігін сақтау – қоғамның ортақ мақсаты.

Елімізде енгізілген Төтенше жағдайға байланысты індеттің алдын алу мақсатында барлық білім беру ошақтары онлайн оқытуға көшіп кетті. Осы орайда, Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарға қарапайым тұрмыстағы өрт қауіпсіздік шараларын балаларға түсіндіруді және оларды қараусыз қалдырмауды сұрайды. Мұнан өзге:

  • оттықты балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз;
  • балаларға ойыншық ретінде оттықтарды бермеңіз;
  • балаларға газ немесе электр қондырғыларын пайдалануға рұқсат бермеңіз;
  • өрт болған жағдайда ешқайда тығылмай, далаға жүгіріп шығуды балаға түсіндіріңіз;
  • баланы қорқытпай, қауіпсіздік ережелерін айтып, әртүрлі оқиғаны ойын түрінде көрсетіп, болған оқиғадан қалай шығу керек екендігі жөнінде айтыңыз;
  • үйде бір парақ қағазға жедел қызмет нөмірін жазып қойыңыз және оны қандай жағдайда пайдалануға болатынын балаға түсіндіріңіз.

Ең бастысы, төтенше жағдай болған сәтте өрт сөндіру қызметі «101» немесе құтқару қызметі «112» нөмірлері арқылы қоңырау шалыңыз.

Қызылорда облысы ТЖД

Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және

азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: