Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тал егу де тәрбие

21.04.2020, 16:18 1427

HALYQLINE.KZ –| Жерге тіккен жас шыбық тамырын жайып, мәуелі бәйтерекке айналар осы бір шуақты сәт көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге таптырмайтын мезгіл саналады. Мамыражай мезгілдің ерекшелігін ерте түйсінген ата-бабамыз атыз-арықты қоқыстан тазартып, тал-дарақ егіп мәре-сәре болысқан. Атадан қалған осынау игі бастаманы жалғастырған Қызылорда облысы ТЖД мен Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамы жыл сайын көктем мезгілінде тал егуді дәстүрге айналдырған.

Бұл жылы да арнайы алынған 150 түп көшет өрт сөндіру бөлімдері мен департамент ғимаратының көшелеріне егілді. Шара барысында Департамент бастығы азаматтық қорғау полковнигі О.Бержанов «Тал егу акциясы – сауапты іс. Әрі жайқалған әрбір ағаш – бейбітшілік нышаны, сондай-ақ, табиғаттың нәзіктілігі екенін естен шығармауымыз керек» – деді өз сөзінде.

Бүгінгі егілген әрбір көшет тамыр тартынына сенімдіміз, себебі әрдайым көмекке ділгір құтқарушы өрт сөндірушілердің риясыз көңілімен отырғызылды. Осындай игі бастаманы шаһардың әрбір тұрғыны ат салысса жасыл желектің көркіне күмән келтірер жан болмас еді.

Қызылорда облысы ТЖД

Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: